Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары тұрмыс сапасын жақсарту және азаматарды қолдау деп аталалған жазабада жыл бедерінде атқарылған жұмыстар мен ақжолтай жаңалықтар қамтылған, – деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында "Экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек" деген еді.
Сол себепті биыл ел бюджетінің тең жартысы әлеуметтік салаларға жұмсалды.Биыл базалық зейнетақы 7, ал ынтымақтастық зейнетақы 9 пайызға өсті. Ілкімді істің игілігін 2,4 милионнан астам зейнеткер көрді.
базалық зейнетақы - 7%
ынтымақтастық зейнетақы - 9%
845 мың адам жұмысқа орналасты
Ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгеге дейін өсті. Бұл дегеніңіз 1,8 млн адамның еңбекақысы көтерілді деген сөз. Сондай-ақ 600 мың мемлекеттік қызметшінің айлығы 20 пайызға жоғарылады. Бұған қоса елде жұмыссыздық мәселесі де жүйелі шешіліп келеді. Жыл басынан бері 845 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапты.
Ең төменгі жалақы - 85 мың теңге
845 мың адам жұмыспен қамтылды
Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі - Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың есепшотына аударылды. Жоба басталғалы 695,5 млн доллар түсті. Бұл қаржыны балалар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, білім алуға пайдалана алады. Мәселен, 2024 жылы елдегі 18 жасқа толған немесе толатын қазақстандықтарға 30 млн доллар төленді.
ұлттық қор - 50%
балаларға $30 млн аударылады
76 мектеп пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 76 білім нысаны пайдалануға беріледі. Олардың 40 пайызы ауылдық аймақтарда бой көтереді. Сондай-ақ, биыл 62 мың орындық 547 балалақша қолданысқа қосылды. Қазір балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі дайындықтан өтуде. Бас-аяғы 11 мың даярлық мекемесі жұмыс істеп тұр.
Шетелдік ЖОО 12 филиалы ашылады
2025 жылға дейін елде шетелдік жоғары оқу орындарының 12 филиалы ашылады. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның университеттерімен 23 стратегиялық серіктестік пысықталды. Бұл бастамалар Қазақстанды жаһандық білім беру кеңістігіне біріктіруге және озық білім беру әдістеріне қол жеткізуді жақсартуға көмектеседі.
Биыл студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өсті
Биыл студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өсті. Оның ішінде педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін айтарлықтай жоғарылады. Қазір бұл салаларда білім алушылар 75 мың теңге шәкіртақы алады. Интерндер үшін стипендия 85 мың теңгені, резиденттер үшін – 123 мың теңгені, ал магистранттар мен докторанттар үшін өсім 15-20% құрады.
Ғылымды қаржыландыруға көңіл бөлінеді
Кейінгі 3 жылда оның аясында гранттық қаржыландыруға бағытталған 16 байқау ұйымдастырылды. 2 мыңнан аса ғылыми жоба жүзеге асты. Инновациялық экономика жасау үшін ғылыми еңбектерді коммерцияландыру маңызды. Осы бағытта 5 байқау өткізіліп, 97 млрд теңгенің жобасы нарыққа шықты. Ғылыми өнімдердің экспорты 571 млн теңгені құрады.
251 медициналық мекеме пайдалануға берілді
Денсаулық сақтау саласында да ақжолтай жаңалықтар жетерлік. Жыл басынан бері 251 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Жаңа нысандар шалғай аймақтарда бой көтеріп, 1 мыңнан астам ақ халатты жұмыспен қамтылды. Бас-аяғы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 ғимарат салу жоспарланып отыр. Оның 257-сі медициналық пункт, 238-і фельдшерлік пункт және 160-і дәрігерлік амбулатория.
655 медициналық мекеме пайдалануға беріледі
Медициналық пункт - 257
Фельдшерлік пункт - 238
Дәрігерлік амбулатория - 160
Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін жобалардың инновациялық навигаторы құрылды. Жүйе кадрлық қажеттіліктерді талдауға және жобалардың сапасын бақылауға көмектеседі. 2024 жылы платформада 33 трлн теңгеге 755 жоба бақыланады, олар 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Свежие комментарии